Мектебімізде 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мектеп бітіруші түлектердің іс – шарасы өтті. Іс шара барысында мектебіміздің директоры Гульнур Абдухалиевна биылғы оқу жылында оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, ата- аналардың еңбегіне алғыс айтып, түлектерге жарқын болашақ тіледі.
Түлектеріміз ұстазымен мектебіне деген қимастық сезімдерін білдіріп, қошатасар әндерін шырқап, әсем вальстерін арнады. Құрметті жас түлек! Егеменді елдің ұландары Қазақстанның болашағы екендеріңді ұмытпай, қияға қанат қағып, арман қуып, биіктерге самғаңыздар!

