Skip to content

«Менің мектебім буллингке қарсы»

Флешмобқа 9–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, ортақ ұранмен, арнайы белгілермен (плакат, лента, хэштегтер) бейбіт өмір мен өзара түсіністікті насихаттады. Оқушылар «Жақсылық жаса», «Біз бірге күштіміз», «Буллингке жол жоқ!» деген ұрандармен жүрекше белгілер жасап, бейнеролик түсірді.

Мектептің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында флешмоб материалдары жарияланып, республика бойынша қолдау тапты.

Флешмоб арқылы оқушылар мен мұғалімдер буллингке қарсы тұру – әр адамның ортақ жауапкершілігі екенін ұғынды. Іс-шара мектеп ұжымының бірлігін, зорлықсыз және мейірімді орта қалыптастыруға деген ұмтылысын көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *