Skip to content

«Менің Отаным Қазақстан»

Оқушылардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру, білім ордасының тәрбиелік маңызын ұғындыру.

Шара барысында оқушылар мектеп туралы өз ойларын эссе, өлең, сурет және көркем қойылым арқылы жеткізді. «Менің мектебім – менің мақтанышым» тақырыбында ашық пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар мектептегі достық, тәрбие, мұғалімдердің қамқорлығы жөнінде жүрекжарды лебіздерін білдірді. Арнайы бұрыштар мен көрмелер жасақталып, мектеп өмірінен фотосуреттер қойылды. 

Оқушылар мектепті екінші үйі, мейірім мен білімнің ордасы екенін танытты. Мұғалімдер мен ата-аналар да шараға белсенді қатысып, оқушылардың шығармашылығына жоғары баға берді. 

Іс-шара оқушылардың мектепке деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттырып, ұжымдық бірлікті нығайтуға оң ықпал етті. Мектеп – тек білім емес, адамгершілік пен ізгіліктің мекені екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *