Сынып сағатында оқушылар мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды жатқа айтып, мағынасын түсіндірді. Топтық ойындар, сұрақ-жауап, тақырыптық көріністер ұйымдастырылып, оқушылар өз белсенділіктерін көрсетті. Шара барысында әр мақал мен жұмбақтың тәрбиелік мәніне ерекше назар аударылды. Мұғалімдер халық даналығы арқылы адалдыққа, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, халқымыздың ұлт ретінде қалыптасуына негіз болған ауыз әдебиетінің бай мұрасын құрметтеуге баулыды. Сынып сағаты жоғары деңгейде өтті.

