8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде 5-7 сынып оқушылары арасында «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» сайысы өтті. Бұл сайыстың басты мақсаты жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту. Адамгершілік қасиеттерін, Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу.
Сайыстың жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

