2025 жылғы 31 наурызда мектебімізде “PISA-2025” халықаралық зерттеуіне қатысатын пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыс аясында жетекші мектеп – “Т. Әшімбаев атындағы №11 лицей” КММ мұғалімдерімен тәжірибе алмасу шарасы өтті.
Іс-шара барысында PISA зерттеуінің негізгі бағыттары, оқу сауаттылығын, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту әдістері талқыланды. Мұғалімдер бағалау критерийлері мен зерттеу талаптарына сәйкес оқу процесін жетілдіру жолдары бойынша өзара пікір алмасты.



