Перейти к содержимому

⚜️Клуб «Школа мудрости»️⚜️ ️

⚜️»Даналық мектебі»⚜️ клубының жұмыс жоспарына сәйкес 9-11 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру.

Екінші мәселе бойынша мектеп психологтары қыз бала бойындағы тазалықтың қандай болуы, оны қалай ұстану жайлы айтты. Қыз баланың ерте жүктіліктен қалай сақ болуы керек және аулақ болуы жайлы баяндамалар оқыды.Үшінші мәселе бойынша қыз балаларға арналған видеоролик көрсетілді. Ата-анаға сөз келтірмейтін қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге алып, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын инабалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық болуға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *