«Оқуға құштар мектеп» “Балалар кітапханасы” жобасы аясында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйла күніне орай “Шын жүректен кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды.
«Артық білім кітапта» демекші, болашақ ұрпағымыз білімді, рухани бай болуы үшін, оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, кітап оқуға шақыру мақсатымен өткен акцияға атсалысқан білім алушыларға, ұстаздарға, ата-аналарға зор алғыс білдіреміз. Мектептің coworking, BookCrossing бұрыштары көптеген жаңа кітаптармен толықты.

