Мектебімізде 05.04.2023ж күні 8-11сынып қыздар жиналысы өткізілді.”Таныс емес адамдар мен қатынастардың ережелері” бойынша және «Ерте жүктіліктің алдын алу» бойынша Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПББ аға УПИ полиция майоры Э.Абдуллаева қыздарға қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салып, беймезгіл уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін және бейтаныс үйге бармау керектігін,әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен тілдесуге болмайтындығын айтып өтті. Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіп жайлы түсіндірме жұмыстарын жасады. Қыз баланы тәрбиелеу — ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

