10.12.2024ж. «Тәуелсіздік- тірегім!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Кітап көрмесі мектеп дәлізінде жасақталды. Көрмеге 7,8 сынып білім алушылары Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқыды. Кеш соңында викториналық сұрақтар қойылып, жауап берген оқушыларға тәттілер үлестірілді.