Skip to content

«Темір жол қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу

Қаңтар айының «Заң және тәртіп» құндылығы аясында 29.01.2025 ж күні «Темір жол қауіпсіздігі» тақырыбында кездесу болып өтті. Мақсаты: темір жол қауіпсіздігін сақтау, ережелерімен таныстыру, темір жол қауіпсіздігін сақтаудың адам өмірінде маңыздылығын ұғындыру. Әскериленген темір жол күзеті Ақтау Морпорт объектісі бойынша команда бастығы Абуов Бактияр Заидинович, Ақтау теңіз портына қызмет көрсету жөніндегі ЖПБ бастығы полиция майоры Жолдыбаев Талғат және күзетші Аманиязов Жалғасбай оқушыларға баяндама оқыды. Оқушылар сұрақтар қойып, мамандардан нақты жауап алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *