Skip to content

«Тобанияз Әлниязұлының 150 жылдығы»

Мектебімізде  Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, ұлт-азаттық көтерілісінің қайраткері, би әрі болыс Тобанияз Әлниязұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Халқының азаттығы үшін күрескен тұлға» тақырыбында танымдық сағат өтті.

Шара барысында оқушылар Тобанияз Әлниязұлының өмірбаяны, саяси-қоғамдық қызметі, 1916–1920 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстағы рөлі туралы тың деректермен танысты. Танымдық сағатты тарих пәні мұғалімі жүргізіп, оның қайсар мінезі, әділ би ретіндегі қызметі мен ел тағдыры үшін жанын қиған ерлігі туралы мазмұнды баяндама оқыды.

Оқушылар өз тарапынан тұлғаға арналған өлеңдер оқып, сахналық көрініс көрсетті. Сонымен қатар, тарихи фотосуреттер мен карталар арқылы Тобанияз баба өмір сүрген кезеңге шолу жасалды. Іс-шарада ұлттық рух пен әділдік жолында күрескен азаматтың өнегелі өмірі жас ұрпаққа үлгі ретінде ұсынылды.

Танымдық сағат оқушылардың тарихи санасын тереңдетіп, ұлт қайраткерлеріне деген құрметін арттырды. Тобанияз Әлниязұлының өмір жолы – ерлік пен елдікке толы шежіре. Шара оқушылардың патриоттық көзқарасын нығайтуға зор ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *