Мектебімізде ұл балалардың тұлғалық, рухани және патриоттық тәрбиесін арттыру мақсатында «Ұл бала – ұлт қорғаны» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы жиналыс өткізілді. Шараға мектеп инспекторы, ДТІЖО және сынып жетекшілері қатысты.
Жиналысты тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ашып, ұл бала тәрбиесінің маңызын, оның отбасы мен Отан алдындағы жауапкершілігін атап өтті. Қазақ қоғамында ер баланың мәртебесі әрқашан жоғары болғанын, олардың елдің ертеңі, ел қорғаны екенін тілге тиек етіп, ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызын атап көрсетті.
Мектеп инспекторы Жүсіпбеков Ө.М. ұл балалар арасында кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне тоқталып, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндірді. Ол жасөспірімдердің қылмысқа тартылу себептері, түнгі уақытта көшеде жүру ережелері, қоғамдағы тәртіп пен заң алдындағы жауапкершілік жайында нақты мысалдар келтіре отырып, ұл балаларға бағыт-бағдар берді.
Жиналыс өз мақсатына сай өткізіліп, ұл балалардың отаншыл, жауапты, тәртіпті әрі мәдениетті азамат болып қалыптасуына оң әсерін тигізді. Қатысушылар ер бала тәрбиесіне қатысты маңызды ақпарат алып, өз міндеттері мен парызын жақсы түсініп шықты.

