Skip to content

«Жанашыр жүрек»

Мектебімізде «Жанашыр жүрек» атты қамқорлық акциясы өткізілді. Бұл игілікті іске мектептің жас мамандары мен 9-сынып оқушылары белсенді атсалысты. Қайырымдылық шарасының аясында қатысушылар зейнеткерлік жасындағы, жалғызбасты, көп жылдық еңбек өтілі бар  – Ибрагимова Слухия әжеміздің шаңырағына арнайы барып, көмек көрсетті.

Жас мамандар мен оқушылар әжейдің үйіне барып, шаруасына қолғабыс жасап, ауласын ретке келтіріп, үй ішін жинастыруға көмектесті. Сонымен қатар, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік пен пайдалы тағамдар толтырылған себет тарту етіліп, жылы тілектер мен құрмет сөздер арнады.

Іс-шара барысында оқушылар үлкеннің батасын алып, рухани байыды. Әже өз ризашылығын білдіріп, ұрпақ тәрбиесінің негізі – осындай адамгершілік істерде екенін ерекше атап өтті. Бұл кездесу – тек көмек көрсету ғана емес, буындар арасындағы рухани байланыстың, ұлағат пен өнегенің жарқын көрінісі болды.

«Жанашыр жүрек» акциясы – мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын шынайы тәрбиелік шара ретінде сәтті өтті. Жас мамандар мен оқушылардың шын ниетпен жасаған бұл ісі – ел болашағының адами құндылықтарға негізделіп қалыптасып келе жатқанын білдіреді. Ізгілікке бастайтын мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *