Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысының Жасөспірімдегі ұйқы: Оқуға және мінез құлыққа әсері тақырыбында 5 сынып ата-аналарына 31.10 күні жиналыс өтті.
✅Күн тәртібінде:
1. Сыныптың оқу- тәрбие ісі бойынша I тоқсан қорытындысымен ата- аналарды таныстыру.
2. ҚР Білім беру заңына сәйкес мектеп ережелерімен таныстыру.
3. Жасөспірімдердегі ұйқы физиологиясы.Ұйқының бұзылуы: дәрігерге кеңес беру үшін негіз.Ұйқының бұзылуының жасөспірімдердің көңіл- күйіне, мінез-құлқына, оқу қабілетіне әсері.Дұрыс ұйқы: ұйымдастыру әдістері, жағымды әдеттерді дамыту тақырыбына ақпараттық видеолар көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Мектеп психологы Айтқулова Айдана Қунайқызы «5 сыныптың бейімделуінде психологиялық ерекшелік» тақырыбында ата аналарға кеңес жұмыстарын жүргізді. Психологиялық сүйемелдеу бойынша келісім қағаздарына қол қойдырды.

