Skip to content

«Желідегі қауіпсіздік»

Мектеп оқушылары арасында «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушылардың ғаламтор кеңістігін саналы әрі қауіпсіз пайдалануға бағытталды. Шараға 8–10-сынып оқушылары белсенді қатысып, өз ойларын бейнеролик, сурет, плакат және инфографика форматында жариялады.

Челлендж барысында қатысушылар желідегі алаяқтық, жеке деректердің құпиялығы, кибербуллингтің алдын алу, зиянды контенттен қорғану, этикалық нормаларды сақтау секілді өзекті мәселелерді қозғады. Оқушылар өз жұмыстарында «Онлайнда – абай бол!», «Бір рет шерту – мың қауіп», «Сенің дерегің – сенің қауіпсіздігің» сынды ұрандар арқылы желідегі сақтық шараларын кеңінен насихаттады.

Мектеп инспекторы мен ІТ-маманның қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, челлендж аясында оқушыларға нақты кеңестер берілді. Желідегі күмәнді сілтемелерден, бейтаныс адамдармен қарым-қатынастан сақтану жолдары айтылып, «саналы қолданушы» ұғымы кеңінен түсіндірілді.

«Желідегі қауіпсіздік» челленджі оқушыларға заманауи цифрлық әлемде қауіпсіз әрекет етуді үйретуде үлкен рөл атқарды. Қатысушылар интернет мәдениетін қалыптастырудың маңызын ұғына отырып, өз қатарластарына үлгі көрсетті. Челлендж оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған нәтижелі іс-шара болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *