07.02.2025 ж. күні мектебімізде суицидтік мінез – құлықтың алдын алу мақсатында «Өмірге «Иә» деп айт!» психологиялық онкүндіктің іс-шаралар жоспарына сай «Жүрек жақсылыққа ашылады» тақырыбында қалалық олимпиадаға келген оқушыларға мотивациялық шара болып өтті.
Мақсаты: Адамгершілік – бұл рухани тәрбие екенін түсіндіру. Адам бір-біріне қамқор болуы, жақсылық жасау, кез келген жағдайда бір – біріне қол ұшын беруге дайын болуы. Сондай-ақ, жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту.

